Совминка ОКА-да Covid-19 ауырып жазылған пациенттер үшін реабилитолог-дәрігердің ақылы онлайн-кеңес беру қызметі қолжетімді

Совминка ОКА-да Covid-19 ауырып жазылған пациенттер үшін реабилитолог-дәрігердің ақылы онлайн-кеңес беру қызметі қолжетімді. Онлайн-кеңес беруге арналған өтінімді Сіз біздің mos-kond.ru ресми сайтымызда толтыра аласыз.⠀

ЕФК дәрігері тыныс алу көлемі мен тыныс алу тереңдігін ұлғайтуға көмектесетін тиімді тәсілдер мен жаттығуларды көрсетіп береді.

Емделіп шыққаннан кейін, коронавируспен ауырып жазылған адамдар екі аптадай карантинде болады. Бұл кезеңде біз емдік тыныс алу және жалпы сауықтыру гимнастикасын қашықтықтан жүргіземіз.⠀

Мұндай гимнастиканы:

️сіз өзіңізді айтарлықтай жайлы сезінгенде

️жеңіл әлсіздікті сезінгенде, құрғақ жөтел болғанда, ал дене қызуы 37,5 градустан аспағанда орындауға болады.

Жаттығуларды – баяу қарқынмен орындаған жөн.

Қимылдар – ауырсындырмайтындай болуы тиіс.

Жаттығуларды – күніне 2-3 рет 10-15 минуттан жасаған жөн.

Ауатамыры-өкпе аурулары кезіндегі ЕФК мақсаты:

✳️тыныс алу жүйесінің ауруларын, вирустық (оның ішінде, коронавирустық) пневмонияны емдеу және олардың асқынуларының профилактикасы;

✳️жүрек-тамыр, тыныс алу, жүйке және ағзаның басқа да жүйелерінің функцияларын арттыру және жалпы дененің жұмыс істеу қабілетін қолдау үшін оларға оңалтушы ықпал ету;

✳️еңбек ету қабілетін қалпына келтіру, астеникалық синдромды емдеу (вирустан кейінгі астения) болып табылады.⠀

Жаттығуларды жоғары сыныпты реабилитолог-дәрігер Айдын Сарыбаевна Сармсакова жүргізеді.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.