Covid-19 жеңіл түрі кезіндегі іс-қимылдар

Covid-19 жеңіл түрі кезіндегі іс-қимылдар.

Covid-19 жұқтырып алған адамдардың 80% ешқандай симптомдарды білдіртпейтіндігін немесе Covid-19 жеңіл түрде ауыратындығын есте сақтаңыз.

Коронавирус инфекциясымен жеңіл түрде ауру – мынаны білдіреді:

✔️ денеңіздің қызуы 39° аспайды;

✔️ деміңіз қысылмайды (пәтер/үй ішінде жүре аласыз, душ қабылдай аласыз, дәретханаға бара аласыз және басқасы)

✔️ ентікпе мен жөтел сізге сөйлесуге кедергі келтірмейді;

✔️ басқа симптомдар: бас ауруы, құрғақ жөтел, тамақ ауруы, бұлшық ет пен сүйек сырқырауы, иіс және дәм сезу қабілетінен айырылу, іш өту — болуы мүмкін, кей кезде болмай қалуы да мүмкін.

Егер симптомдар жеңіл болса, төмендегі ортақ ұсынымдарды ұстану қажет:

1 Өзге адамдарға жұқтырмас үшін өз-өзін оқшаулау.

2 Емханаға қоңырау шалып, учаскелік дәрігерге өз симптомдарыңыз жайлы хабарлаңыз.

3 Молынан жылы су ішу – күніне 2-3 литр.

4 Тыныс алу жаттығулары – күніне 2-3 рет.

5 Физикалық белсенділік.

6 Толыққанды ұйқы.

7 Үйлестірілген тағам.

8 Д3 дәруменін қабылдау.

9 Бір минутта жасалатын тыныс алу қозғалыстарының жиілігін (ТҚЖ) бақылау.

10 Температураны бақылау – күніне 2-3 рет.

11 Тамырдың соғуын бақылау – күніне 2-3 рет.

12 Симптомдар күнделігі.

Үйде оқшауланып қала беріңіз және деніңіз сау болсын!

Қазақстанның отбасы дәрігерлері қауымдастығының жадынамасынан алынған ақпарат.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.