Оңалту

Алматы қаласы ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы СОВМИНКА Covid-19, пневмония және басқа аурулармен ауырған Сіздің қызметкерлеріңізге және олардың отбасы мүшелеріне оңалту курсын ұсынады.

«ОКА» АҚ СОВМИНКА Алматы қаласында орналасқан көпбейінді аурухана, 90 жылдан астам Қазақстан Республикасының резиденттеріне, сондай-ақ шетелдік азаматтарға сапалы медициналық қызмет көрсетіп келеді.

Біздің аурухана JCI медициналық қызмет көрсету сапасының халықаралық стандартымен аакредиттелген алғашқы клиникалардың бірі. JCI медициналық ұйымдар үшін сапаның алтын стандарты болып табылады және пациенттің қауіпсіздігін арттыруға, ем мен күтім сапасын жақсартуға пациенттердің, қоғамның, сақтандыру компаниялардың сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.

Алматы қаласының климаттық жағдайы салқын тию қаупінсіз жыл бойы оңалтуға мүмкіндік береді. Клиника ЕДШ залы, физиотерапия бөлімшесі соңғы шыққан техникалармен жабдықталған, балшықпен емдеу, тұз шахталары бар. Аурухана мамандарының терапиялық және хирургиялық бағыттағы пациенттерді оңалтуда практикалық тәжірибесі мол.

Терапия және хирургиялық профильдері.

Оңалту курсына:

    • Аясы тар мамандардың консультациясы;
    • Бейіні бойынша емдеу (Covid-19, пневмония және т.б. туындаған асқынуларды емдеу);
    • ЕДШ;
    • Тыныс алу гимнастикасы;
    • Электрмен емдеу (электр стимуляция, дәрілік электофорез, магниттік терапия);
    • Жарықпен емдеу (лазермен емдеу, УФО, поляризацияланған жарықпен емдеу);
    • ГБО ( оксигенотерапия);
    • Галотерапия (тұз шахтасында емдеу);
    • Дәрілік фонофорез;
    • Емдік массаж;
    • Ингаляциялық терапия;
    • Психотерапия;
    • Емдік тағам және басқалары кіреді.

Біз пациенттерді VIP, люкс, жартылай люкс санаттағы палаталарға орналастыруды ұсынамыз.

Аурухана аумағы Алматы қаласының мәдени орталығында орналасқан.

Аурухана корпустары терренкурмен, пациенттердің жылдам сауығуына және оңалып кетуіне ықпалын тигізетін гүлзарлар, күркелер, субұрқақ композициялары бар пациенттердің демалатын орындарымен қоршалған.

Оң шешім болған жағдайда Сізден көрсетілген телефондар бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:

+ 7 777 216 17 99 (Асем Ахметова – маркетинг және сату бөлімінің басшысы).

+7 727 272 60 02

https://mos-kond.ru/ru/glavnaya/

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.